Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеу ережелері өзгереді: бұйрыққа қол қойылды

Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеу ережелері өзгереді: бұйрыққа қол қойылды
Сурет: deposit photos.com
Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары өзгереді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зейнетақыға шығатын құжаттардан қате табылған жағдайда, өтініш берушілерге оларды түзетуге қосымша уақыт беріледі. Бұл өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 6 қазандағы бұйрығында қарастырылған.

Жаңа қағидаларға сәйкес, зейнет жасына жеткен қазақстандықтар өз қалауы бойынша төлемнің үш түріне бірден бір өтініш бере алады:

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін зейнетақы төлемдері;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  • жасына байланысты зейнетақы төлемдері.

Егер маман ұсынылған құжаттардан қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді анықтаса, өтінішті "цифрлық күту парағы" арқылы қабылдай алады.

Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы хабарлама беріледі.  Құжаттағы емшіліктерді жоюға 10 жұмыс күніне дейін - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде және 8 жұмыс күніне дейін - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде болады.

Егер азамат кемшіліктерді уақытында жойса, өтініш берілген күн ретінде оның алғаш жүгінген күні есептеледі.

Ал егер өтініш беруші белгіленген мерзімде қателерді түзетпесе, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар қағидаларда бас тартудың басқа да негіздері сақталады, оның ішінде зейнетақы алу құқығының болмауы, құжаттар топтамасының толық еместігі немесе дербес деректердің сәйкес келмеуі бар.

Қағидаларға сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі - 10 жұмыс күні, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша - 8 жұмыс күні.

Бұл ретте уәкілетті орган шешімді істің электрондық макеті түскеннен кейін қабылдайды:

  • жасына байланысты зейнетақы төлемдері бойынша - 5 жұмыс күні ішінде;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша - 4 жұмыс күні ішінде.

Зейнетақы тағайындау тәртібіндегі өзгерістер 2026 жылғы 24 қазаннан бастап күшіне енеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар