Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ұмай" ипотекасы бойынша "Отбасы банктің" алдына бірнеше адам жиналып, кезек тудырды

"Ұмай" ипотекасы бойынша "Отбасы банктің" алдына бірнеше адам жиналып, кезек тудырды
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталған күні “Отбасы банктің” жанында алдында жинаған бірнеше адамның тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео ipoteka_sunkar Instagram парақшасында жарияланды. 

Кадрлардан адамдар бір-біріне тығыз орналасып, ғимаратқа кіруге тырысып жатқаны көрінеді. Видео авторы "Ұмай" ипотекасы басталды" деп жазған. Оқиға Алматының Жетісу ықшамауданындағы "Отбасы банк" бөлімшесінде болған.

"Отбасы банк" баспасөз қызметі 3 қарашада сағат 11:30-ға қарай "Ұмай" ипотекасына 300 өтінім қабылданғанын хабарлады.

"Өтінімқабылдау басталған күні банк сервистеріне үлкен жүктеме түсті, салдарынан кейбір клиенттер кеңес алу мен құжат тапсыру кезінде кідіріске тап болды. Банк сервистер жұмысын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр", – деп хабарлады "Отбасы банк".

Банк өкілдері өтінім қабылдау жалғасып жатқанын нақтылады. Құжаттарды бөлімшелерде, кеңесшілер арқылы немесе онлайн тапсыруға болады.

Бағдарлама шарттарына байланысты қызығушылық танытқандардың көп екенін түсіндірді. Атап айтқанда:

  • Бағдарламаға конкурссыз қатысуға;
  • Бастапқы жарнаны төмендетілген мөлшерде төлеуге,
  • Бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алуға болады;
  • Өтініш берушінің атында баспананың болмауы міндетті емес.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар