«Бес эпизодтың барлығы дәлелдермен расталған»: мемлекеттік айыптаушы соттағы ұстанымын жариялады
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:31
- 17
Оның сөзінше, мұны ондаған куәгердің айғақтары, банк үзінділері, хат алмасулар мен сараптама қорытындылары дәлелдейді. Атапайтқанда, «ҚазТрансГаз» кәсіподағының қаражаты жиһаз бизнесінежұмсалған, бейнероликтер үшін гранит тақталар алынған және ағаштарБоқаевтың нұсқауымен кесілген, ал оның бейнежазбаларындағыдеректер құжаттардағы мәліметтермен сәйкес келмеген.
2018 жылғы 6 тамызда кәсіподақ комитетінің отырысында сол кездебас директордың кеңесшісі қызметін атқарған Боқаев «Еуропа – Қытай» халықаралық автокөлік шеруін ұйымдастыру туралы бастама көтеріп, екікелісімшарттың жасалуына ықпал еткен. Оның бірі – «BM Trust» компаниясымен 47,9 млн теңгеге, екіншісі – «We Can» компаниясымен 39 млн теңгеге жасалған. Бірінші компанияны оның жиені Қалменов, ал екіншісін Жұлдыз Артықбаева басқарған.
«ҚазТрансГаздың» бұрынғы бас директорының айғақтарына сәйкес, Боқаев іс-шараларды басшылықтың бақылауынсыз ұйымдастырып, құнын және қызмет көрсетушілерді өзі белгілеген әрі ешкімге есепбермеген. Кәсіподақтың ревизоры Әбдіхалықов бес келісімшарт бойыншашығындар сметасының негізсіз ұлғайтылғанын анықтаған. Кәсіподақкомитетінің отырыстарында бұл мәселеге қатысты ешқандай сұраққойылмаған, өйткені сметаларды Боқаевтың өзі енгізіп отырған.
Артықбаеваның айтуынша, Қазақстан аумағындағы Хоргос пен Ақтөбе арасындағы бүкіл бағытты ол ұйымдастырған, ал бағаны Боқаевбелгілеген. Оның нұсқауымен Артықбаева қаражатты қолма-қол ақшағаайналдырып, Қалменовке берген немесе оның шотына аударған. ОлҚалменовтың Қытайда өткен автошерудің ашылу салтанатына тек қатысып қайтқанын айтты. Қызмет көрсеткен ондаған компания «WeCan» ЖШС-мен ғана жұмыс істегендерін растаған, ал «BM Trust» пен Қалменов туралы ештеңе білмейтіндерін айтқан.
Жұмабаева «BM Trust» компаниясының 2018 жылғы қыркүйек пен қазан айларындағы сатып алулары мен төлемдерін тізбектеп берді. Олардың қатарында дрон, ноутбук, дәнекерлеу аппараты, Ресейденсатып алынған қолмен басқарылатын вальцтау станогы, металл конструкциялар және Астанадағы ауданы 671 шаршы метр жиһаз цехынаарналған үй-жайды жалға алу шығындары бар. Жиһаз өндірісіне қажеттіжабдықтарға шамамен 2,1 млн теңге жұмсалған.
«Кәсіподақтан қаражат түскеннен кейін куәгерлердің «BM Trust» компаниясына қандай қызметтер көрсеткеніне назар аударуды сұраймын: олардың бірде-бірі автошеруді ұйымдастыруға арналған шығындарсметасында қарастырылмаған», – деді мемлекеттік айыптаушы. Оныңайтуынша, куәгерлердің «автошеру туралы мүлдем естімегені және бұлжөнінде ештеңе түсіндіре алмайтыны» анықталған.
Сондай-ақ, ол «MLS-Group» компаниясына жасалған төлемдергежеке тоқталды. Атап айтқанда, «жарнама, нарықты зерттеу жәнеимидждік фильм түсіру» үшін 17,9 млн теңге аударылған. Оның 11 млн теңгесі қолма-қол ақшаға айналдырылса, қызмет көрсетпегенінмәлімдеген жеке кәсіпкердің шотына тағы 6,2 млн теңге түскен. Ал тергеушілер 2017-2018 жылдардағы іс-шаралар материалдарыныңарасынан аталған фильмді таппаған.
«Art Romance» жиһазын сатып алушылар ақшаны Артықбаеваныңшотына аударған. Маманның қорытындысына сәйкес, бұл шотта 9,67 млн теңге жиналған. Артықбаева аталған қаражатты қолма-қол ақшағаайналдырып, Боқаевқа берген немесе оның нұсқауымен басқа адамдарғааударған.
Мемлекеттік айыптаушының қорытындысы бойынша, ұрлықнәтижесінде алынған және оны заңдастыру мақсатында пайдаланылғанқаражат жиһаз цехын жалға алуға жұмсалған. Ал Боқаев пен Қалменовосылайша аталған қаражатты цехтың қаржы-шаруашылық қызметінежаратқан.
Гранит тақталарға қатысты эпизод бойынша айыптау нұсқасынасәйкес, Боқаев жүктің тасымалдануын өзі бақылап, тақталарды түсірусәтін бейнетаспаға түсірген. Құрылыс нысанының күзетшісі 2025 жылғы15 қыркүйекте сағат 21:00 шамасында аумаққа тақталар тиелгенманипулятор көлігінің кіргенін, ал Боқаевтың сол сәтті түсіріп тұрғанынкөрсеткен.
Хамракулов пен Раз оның нұсқауымен Үлкен Алматы өзенініңарнасын реконструкциялау учаскесінен гранит тақталарды 200 мыңтеңгеге сатып алып, олардың бір бөлігін Бесқайнардағы құлпытасжасайтын цехқа жеткізген. Он екі тақтаның құны 1,33 млн теңгегебағаланған. Мұны тергеу барысында зерттелген – 10 қыркүйекте жазыпалынған Боқаевтың Нүсіпқожамен ұрлық туралы әңгімесі де растайды. Әңгімеге жүргізілген сараптама жазбадағы дауыстың Боқаевқа тиесіліекенін анықтаған.
2025 жылғы қазанда Баум тоғайындағы ағаштарды кесу кезінде де осыған ұқсас тәсіл қолданылған. Жұмысшыны, яғни АртықбаевтыХамракулов «Бестөбеден» 15 мың теңгеге жалдаған, ал бензинменжұмыс істейтін араны сол күні ломбардтан 20 мың теңгеге сатып алған. Құрал-саймандар тоғайда қалдырылған. Сарапшының қорытындысыбойынша, кесілген үйеңкі, акация және қарағаштардың жасы 21 бен 150 жылдың аралығында болған.
Қатысушылар мен жедел қызметкерлердің айғақтарына сәйкес, сағат 00:50-де жанармай құю бекетінің маңында ағаш кескені үшінтөленген ақша Нүсіпқожа арқылы берілген. Хамракулов, Раз жәнеАртықбаев бұған дейін Түрксіб аудандық сотының үкімімен сотталған.
Жұмабаева Боқаевтың мәлімдемелерін ресми құжаттарменсалыстырды. Жаяу жүргіншілер өткелдері туралы бейнероликте екінысанға бір миллиард теңге жұмсалғаны айтылған. Алайда құны 515,8 млн және 437,7 млн теңге болатын екі келісімшарт бойынша барлығы он нысан жөнделген.
«Атакентке» қатысты бейнероликте Боқаев жарықтандыруғажұмсалды деп көрсеткен 12 млрд теңгенің құрамына бес фонтан кешені, су қоймалар және 63 мың түп жасыл желек отырғызу жұмыстары кірген.
Боқаев тұрғын үй құрылысы үшін түнде ағаштарды заңсыз кесіпжатыр деп айыптаған «Базис-А» құрылыс компаниясы шын мәніндетоғайды абаттандыру жұмыстарына демеушілік жасаған. Мемлекеттікайыптаушының айтуынша, мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілгентексеру Боқаев жариялаған жалған ақпаратты жоққа шығарады.
Боқаевқа мемлекеттік сатып алу порталынан мәлімет берген куәгерЖүнісов бейнероликті түсіру кезінде ғана ақпараттың бұрмаланғанынтүсінгенін айтқан. Оның айғақтарына сәйкес, бұл жарияланымның нақтысалдары да болған: мердігер – «IZI Company» компаниясына қатыстытексерулер жүргізілген.
Бес бейнероликке жүргізілген сараптама аудиторияға ақпараттық-манипуляциялық ықпал ету және мемлекеттік институттарға қатыстытұрақты теріс көзқарас қалыптастыру белгілерін анықтаған.
Тергеушілер Боқаевтың телефонынан Хамракуловтың адвокатыменжазысқан хаттарын да тапқан. Айыптау тарапының мәліметінше, Боқаевөз сыбайласына адвокат жалдап, сол арқылы оған «үндемегені үшін» ақша беріп отырған.
Сөзінің соңында прокурор Боқаевқа алаяқтық жасағаны үшін 10 жыл, ұрлық жасағаны үшін 5 жыл, ағаштарды заңсыз кескені үшін 5 жылжәне жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл бас бостандығынан айыружазасын тағайындауды сұрады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардыңжиынтығы бойынша оған 12 жыл жаза тағайындау ұсынылды. Ақшанызаңдастыру эпизоды бойынша оны кінәлі деп танып, алайда ескірумерзімінің өтуіне байланысты жазадан босату сұралды.
Прокурор кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететінмән-жай ретінде атады. Ал ауырлататын мән-жайлар ретінде алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасаған әрекетін және қызметтікжағдайына байланысты көрсетілген сенімді пайдалануды көрсетті.
Қалменовке 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаусұралды. Ал өз кінәсін мойындап, өкінген Нүсіпқожаға 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу, пробациялық бақылау белгілеу және сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тұрғын үйінен шығуға тыйым салу ұсынылды.



