Басты жаңалықтар
Төтенше жағдай: Ғалымдар алдағы бес жылда аптап ыстық болады деп дабыл қағуда
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2018
- 284
Ғалымдар 2018-2022 жылдары жер бетіндегі температура орташадан жоғары болып, дүние жүзінде аптап ыстық орын алады дейді.
Аптап ыстық болады деп Франицияның Бреста университеті мен Нидерланд Метеорологиялық институты ғалымдары мәлімдеді. Айтуларынша, алдағы бесжылдықта ауа температурасы көтеріліп, құрғақтық пен аптап ыстыққа әкелетін болады. Бұл жағдай тек 2022 жылдан кейін ғана қалпына келуі мүмкін.
Алайда ол уақытта мұхиттағы сулардың сол қалыпта ыстық болып қалуы да ғажап емес.
Климатологтар аптап ыстықтың орнауы апталап жауған жауындар мен ұзаққа жалғасатын ыстық күндермен адамды шаршататынын айтады.
Өкінішке қарай, мұндай құбылыстар келешекте жалғасын тауып, аптап ыстық одан да көп аумақты қамтуы да мүмкін.