Басты жаңалықтар
“Кешью” тобының экс-әншісімен бірге Түркияда жүрген Нұржан Керменбаев халықты таңғалдырды
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2018
- 395
Танымал әнші Нұржан Керменбаевтың экс-кешьюлік Сара Амангелдімен бірге Түркияға барғаны белгілі болды. Бүгінде олар Кападокия қаласында жүр. Олардың жолдары тоғысуына сезім емес, шығармашылық сеп болыпты.
«Кешью» тобынан кетсе де, Сара Амангелді шығармашылық жолда тоқтап қалған жоқ. Бүгінде ол отандық танымал әнші Нұржан Керменбаевпен жаңа әнге бейнебаян түсіруге кіріскен.
Олар бейнебаянның жалғасын Түркияның көрікті мекені Кападокияда таспалауды жөн санапты. Әзірге қос өнерпаз да жаңа туындысы туралы жақ ашпай отыр. Тіпті Түркияда бірге жүргендерін де жасырып қалғысы келген тәрізді. Себебі екеуі де желідегі парақшасында Кападокияда жүрген суреттерін жариялағанымен, бірге түскен суреті жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әнші Нұржан Керменбаевпен «Доғар» атты әніне бейнебаян түсіріп, көпшілік назарына ұсынған еді.