Басты жаңалықтар
Егде жастағы бақсы жеткіншек қызды 15 жыл бойы секс - құлдықта ұстаған
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2018
- 399
Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында егде жастағы бақсы, әрі халық емшісі 12 жасында жоғалып кеткен қызды 15 жыл бойы үңгірде секс-құлдықта ұстаған.
Жеткіншек 12 жасында жоғалып кетіп, осы уақытқа дейін егде жастағы азаматтың қорлығын көрген. Осы жексенбі күні 28 жастағы қыз бала құлдықтан құтқарылды.
Жәбірленуші 15 жыл бойы 83 жастағы ешмінің үйінде түнеп келген. Ер адам тұтқындағы қызға Амрин есімді жас жігіттің суретін көрсеткен, ал жәбірленуші болса оны өзінің жігіті деп ойлаған. Осылайша, егде жастағы бақсы денесіне Амриннің рухы енгенін айтып, немересіндей қызды жыныстық қатынысқа түсуге мәжбүрлеген.
«Әлбетте, ол осылайша өз қалауын қанағаттандырған», – деді полиция басшысы.
Бақсы да 2008 жылдан бері қызбен жыныстық қатынаста болғанын мойындады. Полицияның хабарлауынша, жәбірленушінің әпкесі сіңлісінің жақын маңда жүргенін көршілеріне айтқан. Осыдан кейін полицейлер қызды іздестіріп, оны үңгірден тауып алды. Сондай-ақ, жоғалған қыздың әпкесі бақсының келіні болған және сіңлісінің қайда екенін білетін.
Қызды 15 жыл бойы құлдықта ұстаған емші оның жоғалуын ата-анасына басқаша түсіндірген. Ол жәбірленушінің отбасына қыздары Джакартаға жұмыс істеуге кетіп қалды деп айтқан. Жәбірленушінің ата-анасы бастапқыда қыздарын емдету үшін осы емшіге алып келген екен. Ер адам сол уақыттың өзінде арам пиғылын жүзеге асыруды көздеген көрінеді. Бүгінде оның қылмысы әшкереленіп, қамауға алынды. Енді ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.