Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақша берді: Түркістандық келіншек өзін екі жыл бойы қайын атасы зорлағанын ашық айтты

Ақша берді: Түркістандық келіншек өзін екі жыл бойы қайын атасы зорлағанын ашық айтты
ашық дереккөз
Түркістан облысында екі жылдан бері келініне зорлық көрсеткен қайын атасы оқиғаның шын оқиға екенін растап отыр
Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде қайын атасы келінін зорлаған екі жылдан бері зорлаған. Алайда құзырлы орган қызметкерлері қарт кісіден түсініктеме алып, істі сол күйі қысқартқан көрінеді.

Сұмдық жағдай  бойжеткен алғаш рет келін болып түскеннен басталған екен.  Бұрымдының айтуынша, бастапқыда қайын атасы оған жай ғана қырындап жүрген, бірақ кейін жағдай күрт өзгеріп кетті.

"Күйеуім мүгедек. Ақыл есінде кемістік бар. 2015 жылдың желтоқсан айында қайын атам күйеуім жоқ кезде үйге кіріп келіп, мені төсекке мәжбүрлеп итермеледі.

Оған қоса, бастапқы уақытта  жас қызбен төсектес болуы үшін ақша  да беріп тұрған екен.

Екі жылдан бері менімен төсектес болып жүргеніңді тірі жанға айтып қойсаң, "үйден қуып жіберемен" деп қорқытып келді. Амалсыздан полицияға барып арыздандым", -дейді қайын атасы зорлаған келіншек.

Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды тексере келе істі қысқартыпты. Өйткені қайын атасы келінінің төсекке өз еркімен жатып жүргенін айтты.

Әрі қайын атасы осы күнге дейін келіні мен мүгедек ұлына қарайласып, қаржылай көмек беріп келгендігін айтқан.

Қайын атасымен төсектес болған келіншек күйеуімен ажырасып кетіпті. Ал қарт кісі мен келіннің арасындағы сұмдық жағдай туралы бүкіл ауыл тұрғындары хабардар екен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар