Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рымбаева: Сахнада неге көрінбей кеттіңіз деген сұрақты маған қоймаңыздар

Рымбаева: Сахнада неге көрінбей кеттіңіз деген сұрақты маған қоймаңыздар
ашық дереккөз
Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта өзін концертке шақырып, кейін тізімнен шығарып тастайтындарды түсінбейтінін айтты.

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз - Роза Рымбаева соңғы уақытта сахнадан не себепті көрінбей кеткенін түсіндірді.

Ол қазір концертке шақырып, артынан тізімнен шығарып тастайтындардың бар екенін жасырмады. Тіпті, әншінің "Әлия" әнін басқа орындаушы айтқан кездер де болыпты.

"Кейде менен "Сахнада неге көрінбей кеттіңіз?" депсұрайтындар бар. Ондай сұрақты маған қоюдың қажеті жоқ. Мені тізімнен сызып тастайтындардан сұрау керек шығар. Менің тыңдарманым бір адамның сатқындығына қарап қалған жоқ. Роза Рымбаева деген ат мені сақтап келеді. Сақтай да береді", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші  той-томалаққа  табыс көзі үшін емес, тек құрметтеп шақырғандары үшін баратынын да айтты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар