Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елордалық мектептер енді бала үшін таласпақ: Биыл білім ордасына бөлінетін қаржы оқушы санына тікелей тәуелді болады

Елордалық мектептер енді бала үшін таласпақ: Биыл білім ордасына бөлінетін қаржы оқушы санына тікелей тәуелді болады
ашық дереккөз
Астанада биылдан бастап әкімдік білім ордаларына  қаржыны  адам санына қарай бөлінбек
Өткен оқу жылында Астананың бірнеше мектептерінде әкімдіктен бөлінетін арнайы қаражатты оқушы санына қарай таратқан еді. Сол сынақ ретінде  тың әдіс жақсы нәтиже берген соң, биылғы оқу жылынан бастап, елордалық шенеуніктер  бұл тәжірбиені қалған мектептерге енгізгелі отыр. Мысал үшін айталық, мектепте мың бала оқиды делік: 600-і жоғары , 400-і бастауышта . Ересек сыныпта оқитындардың жан басына  230 мың, ал төменгілеріне 160 мың жұмсамақ. Сөйтіп білім ордасы қалалық бюджеттен шамамен 200 миллион теңге алады.  Яғни сынып жоғарылай берген сайын бөлінетін ақша көлемі де ұлғая береді. Осылайша, атқамінерлер бәсекелестік орта қалыптасырып, директорларды ұл-қыздың соңынан өздерін жүгіртуге мәжбүрлемек. Бұдан басқа  Астана мектептеріне оқулық сатып алу үшін жергілікті қазынадан  2 миллиард 700 миллион жұмсалыпты. Кадр тапшылығын шешу үшін әкімдік жас мұғалімдерді жатақхана мен хостелдерде тегін тұрғызбақ.Ал қыстырылып қымтырылып үш ауысымда оқып жүрген балалардың  бұл азаптан  құтылуы үшін тағы бірнеше жыл шыдай тұруларына тура келеді. Ал қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жыл сайын оқушы санының көбеюіне байланысты, мектептердің жетіспеушілігі байқалады. -Алдағы 4 жыл ішінде,24 мектеп пен 10 жанама құрылыс жоспарлануда. Бұл мектептер 3 ауысымдық деген мәселені шешеді. 7 жыл бұрын мектептерде 70 мың бала болса,қазір бұл көрсеткіш 150 мыңға жетті. Ол инфрақұрылымға  үлкен жүк.Сондықтан бұл мәселені шешу үшін үлкен қадамдар жасап жатырмыз,- деді Жанғозин.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар