Басты жаңалықтар
Бағлан Әбдірайымов қызына қандай есім бергенін айтты
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2018
- 298
Әнші: Айқаракөздің "Айын" қосып, Ай-Әдина деп қойдық!
Бүгін эстрада жұлдыздары қызды болған Бағлан Әбдірайымовты жарыса құттықтап, әншінің келіншегін перзентханадан шығарып алуға атсалысқан еді. Енді міне әншінің өзі қызына қандай есім бергенін айтып, оның мағынасына тоқталды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бүгін есімін сіздер қойған Әдинамызды перзентханадан шығардық. Айқаракөздің "Айын" қосып, Ай-Әдина деп қойдық! Қадамын Алла баянды, берекелі етсін! Әр шаңыраққа шаттық тілеймін!» - деп жазды әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде әншіні жарыса құттықтап, отбасына береке, байлық тіледі.