Желі қолданушылары әншінің дене сымбатына тамсанды.
Әнші Лидо әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш суретін бөлісіп, жұртты тамсандырды. Көпшілік оның сырт келбетін ерекше ұнататындарын жазды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Сен ана емессің бе?» - менің сүйікті айдарым. Ұятмендер ұйықтап жатыр деген үміттемін. Өтірік ұялмай-ақ қояйын, басқа адамдар секілді мен де жақсы сөзді сүйемін.
Сол үшін сіздерге рахмет! Сіздерде барлығы жақсы болсын! «Сіз үш баланың анасы болсаңыз да, фигураңыз керемет!» деген пікірді көп кездестіремін. Баланың көптігі фигураға еш әсер етпеуі тиіс деп ойлаймын. Бар болғаны сіз өзіңізді жақсы көресіз немесе жоқ. Баласы жоқ, 20 жастағы қыздың да сырт келбеті жаман болуы мүмкін.
Менің 4, 5, 6 баласы бар бірнеше танысым бар. Бірақ, олардың сырт келбеттері ғажап. Рас айтамын! Заман талабы осы. Спорт пен салауатты өмір салты «сәнде». Бұған әлеуметтік желіні қосайық. Ол біздің өміріміздің айнымас бір бөлігіне айналды емес пе?!
Лентадағы белсенді адамдар да мотивация береді. Әрқайсыңызға өздеріңізді қуантып, ләззатқа бөлейтін спорт түрін табуларыңызға тілектеспін! Өзімізді бұдан бетер жақсарта түсейік», - деп жазды ол.
Әншінің осы жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары, расымен де, оның сырт келбетіне тамсанатындарын жарыса жазды.
«Өте әдемісіз», «Ішкі жан дүниеңіз бен сырт келбетіңіз үйлескен. Пішін мен мазмұн сәйкес келген тұс деп осындайды айтады», «Айтарға сөзім жоқ», «Тым сұлу болудың не керегі бар?», «Лидо, сіз қуыршақ секілдісіз», «Сырт келбетіңізге қалай күтім жасайсыз?», «Сізге тамсана қараймын» деп жазды желі қолданушылары.