Басты жаңалықтар
Ресейдегі қызыл жалынға оранған автобустан 48 адамды құтқарған семейлік азамат миллионер атанды
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2018
- 492
Көрші елдің Алтай өлкесінде «Семей-Новосібір» бағытындағы жанып тұрған қоғамдық көлітен 48 адамды құтқарып қалған Ержан Амархановқа семейлік кәсіпкер бір миллион теңге табыстады
Бүгінгі күннің нағыз батырына айналған Ержан Амархановқа бүкіл қазақстандықтар ерекше құрмет көрсетіп, ерлігін жоғары бағалауда.
Оның жасаған батырлығы ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тіпті, ресейліктер оған қоңырау шалып, су жаңа автокөліктің кілтін сыйға тартатындарын уәде етіпті.
Осы ретте, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те бейбіт күннің батырымен кездесті.
Қала басшысы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін Ержанға зор ризашылығын білдірді.
Көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер, «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев 1 миллион теңгені өз қолымен Ержан Амархановқа табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысының 46 жастағы қала әкімі өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025




