Басты жаңалықтар
Ұят: Ақтөбе облысында көлікті мас күйінде жүргізген әкім ұсталды
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2018
- 290
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауылдық округтің әкімі Рамазан Үргенішбаев мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан жерінен ұсталып қалған
Рамазан Үргенішбаев үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, Ішімдік ішіп, ұятқа қалған әкімге қатаң сөгіс жарияланды.
Оқиға түнгі сағат 3-те Ембі қаласында орын алған. Ішімдікке сылқия тойып алған шенеунік "Ниссан" автокөлігінің рөлінде болған. Мас күйінде ұсталған әкімді әкімшілік сот жазаға тартып, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.
Ал бүгін оның ісі мемлекеттік істер жөніндегі агенттік департаменті жанындағы әдеп кеңесінде қаралды.
Кеңес мүшелері әкімді қатаң сөгіс беру арқылы жазалау керек деген шешімге келген.