Ақтауда балаларын жетімдер үйінен ала алмай жүрген ана жанайқайын жеткізді
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2018
- 333
Сұлухан тұрмысқа 15 жыл бұрын шыққан. Үш балаеы дүниеге әкеліп, қарапайым отбасы болып өмір сүріп жатқан еді.
Алайда жеті жыл бұрын келіншектің күйеуі қатты ауырып, көз жұмды. Содан кейін өмірі күрт өзгере шықты.
Сол уақытта Сұлухан ақша тауып, үй мәселесін шешіп алғанша балаларын уақытша жетімдер үйіне апарып тастауды жөн көріпті.
Дегенмен келіншектің өмірінде әлі ештеңе өзгере қоймаған көрінеді. Ол псхоневрологиялық диспансерге тіркелгенімен, қолына мүгедектік қағазын да ала алмаған екен.
"Тым болмаса мәселелерді шешіп, бір нәрсеге ұмтылатын ақша болса екен"- дейді келіншек.
Әйел қазір уақытша Ақтау қаласы 3 ықшам ауданындағы қонақүйде жатыр.
Оның сөзінше, қайғыға көз жұмып қарамайтын мейірімді адамдар оған осылай көмек көрсетіпті.
"Мен адамдардың көмектесетініне сенемін. Мен балаларымды қатты сағындым, бірақ ақшам болмаған соң оларды көре де алмаймын. Мен барлық жандардан көмек сұраймын. Аллам сіздерге жар болсын", - дейді Сұлухан.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар 525 теңге: Ұлттық банк түсініктеме берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024