Алматыда әкесі таспен ұрып, жолға тастап кеткен бала ауруханадан шығып, үйіне оралды
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2018
- 242
Бүгінде баланың жағдайы орташа қалыпты болып отыр екен. Өзі жүріп, сөйлей де бастапты.
Реабилитацияның екінші кезеңі үш айдан соң басталады. Қазірде баламен логопед дәрігері жұмыс істеп жатыр", — деп №2 клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Аида Аханбекова мәлімдеді.
6 айдан кейін балаға тағы бір операция жасалады. Сондай-ақ бас сүйегінің консервіленген бөлшегі қайта салынады екен.
Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеде полицияға түскен мәлімет бойынша, баланы көлік қағып, жүргізуші бүлдіршінді көрпеге орап, жолға тастап кеткен болатын. Төрт жасар Мұхаммед бірден аурухана жеткізілді. Жағдайы өте ауыр болған бүлдіршінге операция жасалды.
Полиция екі аптадан астам уақыт бойы жол апатына айыпты жүргізушіні іздеді. Алайда Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Мұхаммедтің әкесінің өз кінәсін мойындаған видеосын жариялады. Ол тіл алмаған баласының басынан таспен бір қойып, осы уақыт бойы полиция мен бүкіл халықты алдап келген екен.