Қымбатшылыққа байланысты халыққа сабырлы болуға кеңес берген ақтөбелік депутат ұятқа қалды
- автор kyn.kz
- 17 тамыз, 2018
- 348
Ол ақша қайдан шықты? Халықтың 55 теңге тиынынан жиналды. Егер қазіргі жолақыдан түскен қаржы шынымен де жетпей жатқан болса, ондай ақша шықпас еді.
Халықты қанау үшін күнде бірдеңе шығарамыз. Зейнеткерлерден тегін жүру жеңілдігін алып тастады. Бірақ, өзгерген ештеңе жоқ. Сол баяғы автобустар.
Сіздердің ешқайсыларыңыз автобуспен жүрмейсіздер. Астарыңызға бір-бір машинадан беріп қойды, жағдайларыңыз шүкір.
Қарапайым халық секілді сағаттап күтіп автобуста жүрсеңіздер қоғамдық көліктегі жолақысы көтеру мәселесі болмас еді", - деді тұрғын.
Тұрғынның жанайқайын тыңдаған жергілікті депутат ойды еркін айтатын заманда отырғанын айтты.
"Негізі демократия деген осы шығар. Бұған дейінгі заманда ешқашан осылай тұрып, халық үшін шырылдап ішіндегі жанайқайын айтқан адамды көрген жоқпын.
Мен осы ауданның депутатымын. Біздің кінәміз ойымызды жақсы сөзбен жеткізе алмаймыз. Айқай-шу көп. Егер де біз депутат болып жүріп өзіміздің қаламыздың ардагерлері, ата-аналарымызды сыйламасақ, онда біздің депутат болғанымыз қайда?
Жолақысын көтеруге қатысты әңгімені біз тыңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Біз барлық ақтөбеліктің жан даусын еститін боламыз", - деді қалалық мәслихат депутаты Мұратбай Әжібаев.
Ілесе сөз алған ауыл тұрғыны депутатты ұялтты.
"Бізде демократия бары рас. Ол ауызекі демократия. Саясатқа сіз де басқалары да бағынады", - деді ауыл ақсақалы.