Басты жаңалықтар
57 жыл көрмедім: Оралда 90 жасқа келген ақсақал ұлын іздеп жүр
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2018
- 214
Орал қаласының 89 жастағы тұрғыны 57 жыл бойы көрмеген ұлын іздеуде. Қарияның сөзінше,үлы қазір Өскемен қаласында болуы мүмкін
Александр Максимович Дзюбанның айтуынша, оның ұлы Евгений Александрович Дзюбан бүгінгі күні Өскемен қаласында тұрып жатыр.
89 жасқа келген қария - еңбек ардагері екен. Ақсақалдың айтуынша, 1956 жылы Оңтүстік Сахалиндегі Чехов қаласында оның бірінші әйелі ұл босанған. Алайда отбасы ажырасып кеткен соң, әйелі ұлын алып Өскемен қаласына көшіп кеткен. Содан бері әкесі мен баласы бір-бірін көрмеді.
Қазіргі таңда ол Орал қаласында екінші некедегі ұлымен бірге тұрып жатыр. Алайда ол ұлы Евгенийді де өмір бойы есінен шығармағанын айтады.
"Жақында ол хабарласқан. Алайда байланыс үзіліп кетті де, мүлдем сөйлесе алмай қалдық. Мен ұлымды тапқым келеді. Қатты көргім келеді. Оны білетіндер болса, 8777 149 75 12 нөміріне хабарласса екен", - деді ол.