Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қауіпті қылмыскер: Қуандық Бишімбаевты қатаң режимдегі түрмеге ауыстырды

Қауіпті қылмыскер: Қуандық Бишімбаевты қатаң режимдегі түрмеге ауыстырды
ашық дереккөз
Экс-министрді басқа түрмеге ауыстыру кезінде оны Ұлттық гвардияның ондаған жауынгері алып шыққан. Енді Қуандық Бишімбаев жазасын Ленгір қаласында өтейтін болады.
Экс-министрді алдымен оны тұтқындағыларға арналған жолаушылар пойызымен, кейін арнайы жабдықталған автокөлікпен апарыпты.

Бишімбаев жазасын өтейтін жаңа орын - жемқорлармен қоса зорлықшылар және адам өлтірген қауіпті қылмыскерлер отыратын қатаң режимдегі калония екені белгілі болды.

Бұл мекеме ең қауіпсіз болып саналады, сол себепті де қашып кетуге еш мүмкіндік жоқ екен.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерінің айтуынша, колонияда "VIP" тұтқындар үшін ерекше жағдайлар жасалмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Бишімбаев бюджеттің бір миллиард теңгесін жымқырғаны үшін айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына іліккен еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар