«Жасы үлкен сияқты»: желіде Димаш Құдайбергеннің «күйеу баласының» суреті тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:07
- 440

Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің күйеу жігіті болуы мүмкін деген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Күйеу жігіттің» есімі — Ринат Исаев. Режиссер әрі продюсер екені белгілі болды.
20 сәуір күні Ринат Исаев желідегі парақшасына «Керемет кештен естелік» деп жазба жариялап, суреттермен бөліскен. Суреттен жанында отырған қыздың Раушан Құдайберген екенін байқауға болады.
Желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды. Арасында Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы басқа екенін жазып жатқандар да бар.
«Неге жүре тұрмадыңыз, жассыз ғой», «Сақалды жігіт, енді Раушанды қылқындырып орап, мөшек кигізіп қоймаса болды», «Жасы үлкен сияқты», «Қимай, ойланып қалдық» «Күйеу жігіті осы екеніне сене алар емеспін. Бұл жігіт маған ұнамайды», деп жазды олар.