Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

азақстанда Аналар және Әкелер күні бекітілуі мүмкін

азақстанда Аналар және Әкелер күні бекітілуі мүмкін
ашық дереккөз
Елімізде қос мереке – Аналар және Әкелер күні мерекелері бекітілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжатта Аналар күнін – мамырдың екінші жексенбісіне, Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу ұсынылған. Қаулы түсіндірмесінде аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал ететіні жазылған. «Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді», - деп түсіндірме берілген қаулы-жобасына. Құжат 5 сәуірге дейін көпшіліктің талқысында болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар