Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Серікбол Сайлаубек әртістік өмірінің кесірінен ажырасып кеткенін айтты

Әнші Серікбол Сайлаубек әртістік өмірінің кесірінен ажырасып кеткенін айтты
инстаграм
Серікбол Сайлаубек: әртіс адамға кім шыдайды?

"Ұйқым келмейді" бағдарламасына қонаққа келген әнші Серікбол Сайлаубек отбасы және балалары туралы қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жарымен жолдары екіге айырылғанын айтты. Оған себеп Серікбол Сайлаубектің жұмысы екен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Шыны керек, уақыт жоқ. Анасы, апасы тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Бір-екі күн боламын, қайта кетемін. Қазақ елі кең, үлкен. Тойға шақырады. Енді не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Қолдан басқа не келеді?

Маңдайымызға жазылғаны осы енді. Халықты алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жыл болды. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды? Ол кісі қазір өзімен өзі. Мүмкін менің де қателігім бар шығар. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді. Халық білсін, айту керек", - деді Серікбол Сайлаубек. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар