Таиландқа барғысы келетін қазақстандықтар үшін жағымсыз жаңалық шықты
- автор kyn.kz
- 14 наурыз, 2024
- 948
Таиландтағы Бурирам провинциясының басшылары елге саяхаттап келушілерге сібір жарасының өршуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені көршілес Лаоста дәл осы аса қауіпті жұқпалы ауруды жұқтырғандар анықталған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Сібір жарасы адамдарға ірі қара мал етін тұтыну арқылы жұғады. Ел ішінде сібір жарасының ошағы үлкеймеу үшін т үрлі шаралар жүргізіліп жатыр. мал бордақылап, оны сататындарға жергілікті басшылық тескеру, емдеу сынды шараларды ұсынуда. Олар ірі қара малдың мінезінде, өзін ұстауында ерекшелік байқасы бірден хабарлауы керек. Дайын етті алатындарға тек арнайы тексерістен кейін ғана етті пайдалану ұсынылды.
Сібір жарасы шыққан Лаостан келетін еттің барлығы жіті бақылаудан кейін ғана басқа аймақтарға өтіп жатыр екен. тайланд билігі тұрғындар мен қонақтардан шикі еттен дайындалатын ұлттық тағамдарды уақытша тұтынбауға кеңес берген.