Қырғызстанда балмұздағы бар жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 802

Қырғызстанда балмұздақ тиелген көлік 29 оқушыны қағып кетті. Олар ашық аспанда “Манас" эпосын орындап жүрген. Қазіргі кезде 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kaktus басылымына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жеті бала Жалал-Абад облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, үшеуінің жағдайы ауыр. Облыстық полиция департаменті бұл дерек тіркеліп, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Төтенше жағдай кезінде жүргізуші көлікте болмаған. Сондықтан алдын ала абайсызда жасалған қылмыс ретінде бағаланатынын атап өтті. Ол жүк көлігін тоқтатқан. Алайда, көлік тежегіштен тайып, таудың баурайымен төменге жүріп кеткен.
Қазір ауруханада 18 бала мен жасөспірім жатыр.11 адам оқиға орнында тексеріліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025