Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Осындай ой бар": Нұрлан Әлімжан Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты

"Осындай ой бар": Нұрлан Әлімжан Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты
Сондай-ақ ол Әйгеріммен тек көңілді кештерді жүргізіп қана қоймай, алдағы уақытта бірге ән айтатындарын да жеткізді.

Актер, әнші Нұрлан Әлімжан өзін Әйгерім Қалаубаевамен қосатындарға жауап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Актер бұл туралы Qazaqstan телеарнасынан шығатын "1001 түн" бағдарламасында айтты. 

"Мен тек Әйгеріммен дуэт айтамын, Әйгерім тек менімен дуэт айтады. Осындай ой бар. Өйткені біз бұған кәдімгі жоба ретінде қарап жатырмыз. Бұған дейін арасында ғана той жүргізген кезге әндеріміз болсын десек, енді кәсіби тұрғыдан қараймыз. Әрбір үтір-нүктесіне дейін, оның киімі, стилі, клипіне мән береміз, өзінің жүйесі болуы керек", - деді өнер иесі.

Сондай-ақ ол Әйгеріммен тек көңілді кештерді жүргізіп қана қоймай, алдағы уақытта бірге ән айтатындарын да жеткізді. 

"Алла бұйыртса, толтырамыз. Олсыз да толтырып келе жатырмыз деп ойлаймын. Осы күнге дейін жарыққа шыққан 2-3 әніміз бар. Ал енді жақында бөлек альбом шығады. Мұны әлі ешкім білмейді, тек жақын адамдарымыз ғана хабардар", - деп жауап берді әнші.

Еске сала кетейік, Қалаубаева өзін Нұрлан Әлімжанның отбасын ойрандады дегендерге жауап берген болатын. Ал Актер Нұрлан Әлімжанға жазба арнаған Айгүл Иманбаева "той қашан?" деп жұртты қызықтырып қойған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар