Қоғам
"Трактордың астына түскен бала езіліп қалмай ма?": Аягөзде көз жұмған сарбаздың анасы оның өліміне күмән келтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 маусым, 2024
- 3.4k
Мәйітханаға баласының денесін көруге кірген ана әскери бөлімшенің басшылары берген түсініктемеге сенбейтінін жеткізді.
Аягөзде оқу-жаттығу барысында жарақат алып, көз жұмған сарбаздың анасы көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Марқұмның анасы әскери бөлімшенің басшылары берген түсініктемеге сенбейтінін жеткізді.
«Ұзақ жол жүріп, жалғыз өзім моргке кірдім. Ұлымды көрдім... Техника астына түсіп қалды деп түсініктеме берді. Трактордың астына түссе, денесінен ештеңе қалмаушы еді ғой. Кімнен көмек сұрап, қалай айтарымды білмей отырмын",- дейді анасы.
Еске салсақ, 13 маусымда оқу-жаттығу барысында Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмғаны туралы жазған ежік.