Теңіз жағасында тәтті тоқаш пісірген Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын тамсандырып қойды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 маусым, 2024
- 1.3k
Белгілі ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева теңіз жағасында тоқаш пісіріп, оқырмандарын таңқалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына тәтті тоқаштың рецептін бөлісіп, пісірген сәтінен видео жариялаған.
"Жұмсақтығы мақтадай, ауызда еріп кететін бөлішке... Менің авторлық рецебім десең: Алдымен ашытқы дайындаймыз:
1 стақан жылы сүт;
5 қасық ұн;
1 ас қасық ашытқы;
1 ас қасық шекер;
1 жұмыртқа;
Кішкене ванилин;
Ашытқы көтерілген соң қамыр илейміз:
1 стақан жылы сүт;
1 стақан жылы газдалған су;
Қасықтың ұшымен тұз;
4 қасық шекер;
4 қасық сұйық май;
Жұмсақ қамыр болғанша ұн саламыз...
Қамыр өте жүмсақ болу керек.. Қолға жабыспас үшін қолыңызды майлап алыңыз... Қамыр тез ашу үшін үстіне ыстық шәйнек қойсаңыз болады.
Бөлішкенің арасына сары май жағып, түйіп болған соң пештің табағына салып 20 минут көтерілгенше қоямыз.
Пеште 190-200 градуста 30 минуттай піседі..
Тура осы қамырмен бауырсақ пісірсеңіз де тәтті, дәмді, жұп-жұмсақ болады", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары ақынның тоқаш пісіргеніне тамсана қарап, оның өнерлі екенін жазған.
«Кереметсің Айнұр.Қолыңнан бәрі келіп тұр.Мың қырлы бір сырлы әйелсің», «суға қарап түріп тірлік істеп жүру бұлда бір бақыт қой» деп жазған.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024