Париж – 2024: Қазақстан медальдар кестесінде екінші орынға көтерілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2024
- 1.1k
Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан жалпы медальдар кестесінде бірден екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Дәл қазіргі уақытта жалпы медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте екінші орында тұр.
Бірінші орында 2 алтын жеңіп алған Қытай құрамасы тұрса, екінші орындарды 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан, Белгия және Жапония елдері өзара бөлісіп тұр. Одан бөлек, алтын медаль жеңіп алған елдер қатарында Австралия да бар. Олардың еншісінде әзірге 1 алтын жүлде бар.
Әзірге 12 мемлекет жүлде алып үлгерген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады.
Айта кетейік, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан спортшылары төрт жылдық додада спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024