“Дауыл тұрып, жаңбыр жауады”: 18 тамызға арналған ауа райы
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 тамыз, 2024
- 1.0k

«Қазгидромет» РМК 18 тамызға арналған ауатрайы болжамын жариялады. Ешіміздің басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік – шығысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында орын алады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сонымен бірге, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.