«3 қыз өсіріп отырған әкемін»: Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 тамыз, 2024
- 538
Белгілі боксшы Жанқош Тұраров өзіне қыз зорлады деп тағылған айыпқа қатысты жауап берді. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы өзінің 3 қыз өсіріп отырғанын атап, ондай іске бармайтынын айтты.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын», - дейді Тұраров
Айта кетсек, әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді.
Оқиға осы жылдың 19 тамыз күні түнгі 23-00 шамасында орын алған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түскен.
28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.