«Қызыма махаббатты қалай беремін?!»: Фариза Төреәлінің спортшы күйеуі әкелерге кеңес берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қазан, 2024
- 714
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фаризаның күйеуі қызына деген ерекше қамқорлығы туралы айтып, басқа әкелерге ой салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы Дархан Нортаев қыз баланың болашағына әкенің рөлі зор екенін атап өтті.
“Қызыма махаббатты қалай беремін?! Қамқорлық кішкентай істерден құралады екен. Бала – ортақ. Сол үшін бала тәрбиесі, оған қарау тек әйелге жүктелген міндет емес. Жұбайым өзіне көңіл мен уақыт бөлуі үшін әкелік міндетімнен қашпаймын. Түнде тұрып тамағын жасаймын. Бассейнге бірге барып шомылып аламыз. Киімізді бірге киіп, мамасын тастап өзіміз серуенге кетіп қаламыз. Қамқорлығымды максимум көрсетуге тырысамын, себебі қыз баланың болашағына әкенің үлесі үлкен рөл ойнайды”, – деп жазды спортшы.
Желі қолданушылары Фариза Төреәлінің күйеуіне риза болып, оны өзге әкелерге үлгі етуде.