Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордадағы мектепте төтенше жағдай: ауруханаға 20 оқушы жеткізілді

Қызылордадағы мектепте төтенше жағдай: ауруханаға 20 оқушы жеткізілді
Сурет: el.kz
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскен

Қызылордадағы мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілдi, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 қазан күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашқан.

«Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді полиция.

№9 орта мектептің зардап шеккен оқушысының бірі 12 жасар Диманың айтуынша, оқиға сағат 17:00-де ағылшын тілі сабағы басталған уақытта болған.

«Басында не болғанын түсінбедім, барлық бала сыныптан сыртқа шыға бастады. Газдың иісін сездім. Бір кезде басым айналып, ауырып қалдым. Содан кейін мені жедел жәрдеммен алып кетті. Мектептің 3-қабатындағы дәретханаға екі бала бұрыш сепкенін кейінірек білдім», - дейді оқушы.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскен. Олардың барлығы іштің ауырсынуы, жүрек айнуына, тамақ ауруы мен ауыздан жағымсыз иіске шағымданған.

«Балалар бізге 3 қазан күні сағат 16:00-ден бастап келе бастады. Оның ішінде зардап шеккен бес адамның жағдайы тұрақты және ауыр болғандықтан, оларға белгісіз заттан улану диагнозы қойылып, токсикология бөліміне жатқызылды. Қалған зардап шеккен балалар медициналық көмек алғаннан кейін мекемеде дәрігерлердің бақылауында қалды, кейін үйлеріне жіберілді», - дейді педиатр Айдана Байсара.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар