Қоғам
БҚО-да полиция қызметкері ауыл тұрғынан трактормен басып өткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қазан, 2024
- 616
Сот оны үйқамаққа алу туралы шешім қабылдады
Батыс Қазақстан облысында трактор мінген полиция қызметкері ауыл тұрғынын өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Мой город. Уральск» сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 11 қазан күні Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында болған.
Трактор қағып кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмған. Белгілі болғандай, МТЗ-80 тракторын аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері басқарған. Ол артқа қарай келе жатып 45 жастағы ер адамды басып өткен.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айыпталушының демалыста екенін хабарлады. Оқиғадан кейін бірден ішкі істер бөліміндегі жұмысынан босатылды.
Алғашында полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін сот оны үйқамаққа алу туралы шешім қабылдады.