Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскеменде 34 жастағы спортшының өлімі: сот үкімге өзгеріс енгізді

Өскеменде 34 жастағы спортшының өлімі: сот үкімге өзгеріс енгізді
Сурет: instagram.com/katonkaragay_audany_akimdigi және видеодан скриншот
Сот үкімінен кейін айыпталушы шағымданып, жазаны қысқартуды сұраған.

Өскеменде 34 жастағы спортшы Эльер Юнусметовтің өліміне қатысты іс қайта қаралды, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласында белгілі спортшы Э.Юнусметов өлтірілген болатын.

"Э.Юнусметовті бұрыннан танитын Т-да оны өлтіруге деген қылмыстық ой туындап, тегіс ұңғылы, моделі "ТОЗ-63" атыс қаруын өзімен алып, танысы Г-ға автокөлігімен қаланың орталығына жеткізуін сұраған. Г. оның қылмыстық пиғылын білмей, оны өз автокөлігімен қаланың ортасына жеткізген. Жол жөнекей Т. телефон арқылы Э.Юнусметовке хабарласып, Пушкин атындағы кітапхананың маңында кездесуге келіскен. Сол маңайдағы көппәтерлі үйлердің ауласына автокөлікпен келіп тоқтап, Э.Юнусметовке күтіп отырғанын хабарлаған. Өз кезегінде Э.Юнусметов сол жерге жаяу жақындаған кезінде, Т. автокөліктен шығып, Э.Юнусметовке қолындағы қысқартылған мылтығымен екі рет атқан. Нәтижесінде, алған дене жарақаттарының салдарынан Э.Юнусметов сол жерде қаза тапқан. Ал автокөліктің ішінде отырған Г. атыс қаруының дауысын естіп, болған қылмысты көргеннен кейін жасалған қылмыс туралы хабарлауға жеткілікті уақыты әрі мүмкіндігі бола тұра, оны жасамай, керісінше, Т. автокөлікке қайтадан келіп отырғаннан кейін сол жерден ізін суытқан", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сот үкімінен кейін айыпталушы шағымданып, жазаны қысқартуды сұраған. Алайда, жазаны ауырлататын мән-жай бар екені ескеріле отырып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сот үкімі апелляциялық тәртіпте сотталғандардың қорғаушысының және сотталған Т-ның жазаның мерзімін азайту туралы апелляциялық шағымдары бойынша, сондай-ақ жәбірленуші тараптың жазаны қатаңдату туралы уәждері жазылған апелляциялық шағымдары бойынша қаралды. Апелляциялық сатыдағы сот  Т-ның жасаған қылмысының сипатын және оның жеке басын, нақты айтқанда, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болғанын, жазаны ауырлататын мән-жай бар екенін ескере отырып, ҚК-нің 58, 60-баптарын қолданып, түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасын 16 жылға белгіледі, ал Г-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған мәліметте.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар