Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көктайғақ жиі болады": қаңтардың алғашқы онкүндігіне арналған ауа райы болжамы

"Көктайғақ жиі болады": қаңтардың алғашқы онкүндігіне арналған ауа райы болжамы
Сурет: Федор Тютчев
Қаңтарда екпінді жел, тұман болуы мүмкін

"Қазгидрометтің" мәліметінше, ел аумағы бойынша қаңтардың алғашқы онкүндігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал.

Қаңтар айының алғашқы онкүндігінде температуралық фонда өзгерістер күтілуде:

  • Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы;
  • республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендеу;
  • елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендеуі;
  • елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі.

Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:

ҚР солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,

елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.

Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,

республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.

Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болуы мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар