Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қаржылық табыс күтіп тұр»: 2025 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

«Қаржылық табыс күтіп тұр»: 2025 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал
Сурет: vera.kz
Қаңтар — барлық жұлдыз белгілері үшін мүмкіндіктер айы болмақ

Қаңтар айындағы Марс пен Плутонның қарама-қайшылығы адамдардың іскерлік өміріне әсер етпей қоймайды. Көптеген жұлдыз белгісі ақшаға деген көзқарасын өзгертетін болады. Жылдың алғашқы айындағы қаржы және жұмыстағы өзгерістер туралы астролог Ачарья Хануман Мишра болжап көрді, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқтылар

Айдың бірінші тоқсанында Тоқтыларды ерекше шабыт күтіп тұр. Соның арқасында олар кез келген тапсырманы тиянақты орындайтын болады. Олардың айналасындағы адамдар жұлдыз белгісінің бойынан алғыр тәлімгер мен ерекше қабылетті тұлғаны көреді. Сонымен бірге, Тоқтылар өздерінің креативтілігі мен көш басшылығының арқасында өмірде өз жолын табады. Астролог Ачарья Хануман Мишраның айтуынша, жұлдыз белгісінің өкілдері үшін жылдың басы жаңа жұмысқа тұру үшін қолайлы уақыт болмақ. Сол сияқты іссапарға көп шығатын немесе ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жандар өз еңбегінің жемісін көреді. Қаңтар айы Тоқтылар үшін жаңа жобалар мен мансаптағы өсуге ең қолайлы кезең болады.

Егіздер

Ganesha Speaks астрологиялық басылымының мәліметінше, Шолпанның оң өзгерістерінің арқасында жұлдыз белгісінің қаржылық табысы артады. Егіздер қаржыны тиімді басқару қасиетінің арқасында өмірінің барлық саласын ретке келтіре алады. Ал қаңтар айының соңында бұрынғы жоспарды одан да күрделі ете түсудің мүмкіндігі туады. Егіздерге маңызды істерді қаңтар айының басында қолға алуға кеңес беріледі. 22 қаңтарда болатын Күн мен Юпитердің тоғысуы Егіздердің тартымдылығы мен тез табысу қасиетін одан ары күшейтетін болады. Жылдың басы іскерлік таныстықтар мен келіссөздер жүргізуге ең қолайлы кезең.

Шаяндар

Қаңтар Шаяндар үшін мүмкіндіктер мен өзгерістер айы болмақ. Elle сән журналының хабаралуынша, Шаяндар бұл айда жоспарларының жүзеге асқанын, өзінің дамығанын көретін болады. Шаяндарда 14 қаңтарда болатын Айдың толуы жұмыстағы жетістіктеріңізді жақындарыңызбен атап өту үшін қолайлы күн болады. Сонымен бірге презентациялар жасауға, жаңа жобаларды сенімді адамдармен талқылауға кеңес беріледі. Қаңтар айының ортасында әріптестермен жұмыста сөзге келіп қалмас үшін барынша шыдамдылық таныту қажет болады. Сіз бұл қиындықтарды ортақ шешімге келу арқылы шеше аласыз. Ал ай соңында Шаяндарды қаржылық табыс күтіп тұр.

Арыстандар

Astro Arun Pandit астрологиялық басылымының хабарлауынша, қаңтар жұлдыз белгісі үшін мүмкіндіктер мен қиындықтар айы болмақ. Мансап жолы бойынша жылдың басы Арыстандарға өте қолайлы болады. Олардың бойындағы тәуекелге бел буу және көшбасшылық қасиеті, жұлдыз белгілерін табысты етеді. Десе де, Арыстандарға қаржылық тұрғыда абай болуға кеңес беріледі. Сол себепті ақша мәселесіне мұқият болып, құқықтық келіспеушіліктерге жол бермеген дұрыс. Ал жұмыс барысында орын алатын басшылық және әріптестер арасындағы кикілжіңді келіссөздер жүргізу арқылы шешкен дұрыс. Ол үшін Арыстандарға өздерінің ішкі төзімділігі мен ел алдында сөйлеу алу қабылеті көмектесетін болады.

Арыстандар

Astro Arun Pandit астрологиялық басылымының хабарлауынша, қаңтар жұлдыз белгісі үшін мүмкіндіктер мен қиындықтар айы болмақ. Мансап жолы бойынша жылдың басы Арыстандарға өте қолайлы болады. Олардың бойындағы тәуекелге бел буу және көшбасшылық қасиеті, жұлдыз белгілерін табысты етеді. Десе де, Арыстандарға қаржылық тұрғыда абай болуға кеңес беріледі. Сол себепті ақша мәселесіне мұқият болып, құқықтық келіспеушіліктерге жол бермеген дұрыс. Ал жұмыс барысында орын алатын басшылық және әріптестер арасындағы кикілжіңді келіссөздер жүргізу арқылы шешкен дұрыс. Ол үшін Арыстандарға өздерінің ішкі төзімділігі мен ел алдында сөйлеу алу қабылеті көмектесетін болады.

Бикештер

Astro Yogi астрологиялық басылымының хабарлауынша, Бикештер осы айда байлық жинап, барынша аз шығынға ұшырайды. Олар 2025 жылдың басында қаржылық табыс пен қарыздардан құтылуға барынша назар аударады. Ол үшін Бикештерге біреуді алдауға немесе қолайсыз жағдайларды өз пайдасына шешуге кеңес берілмейді. Әділдік - барлық шешімнің бастауы. Егер осы жолы ұстанатын болсаңыз, қызметте жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады. Сонымен бірге бір жаққа сапарға шығудан бас тартқан жөн болады. Себебі мұндай сапарлар сізге қаржылық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. Сол сияқты ұзақ іссапарлардан да бас тартуға кеңес беріледі.

Таразылар

Астролог Морган Леттің пікірінше, 2025 жылы Таразылар үшін кәсіби қызмет кезеңі 6 қаңтардан, яғни Ретроградты Марстан басталады. Жұлдыз белгісі үшін бұл ай бұрынғы жобаларды қайта қарап, әріптестермен ара қатынасты түзеу және кәсіби өмірді ретке келтіру кезеңі болмақ. Таразылар бұл айда қажетсіз шығындар мен күмәнді жобаларға қаржы құюдың кесірінен қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол себепті шығындарға аса сақ болыңыз. Тек табандылық пен сабырлықтың арқасында ғана Таразылар жолдағы кедергілерді оңай еңсере алатын болады.

Сарышаяндар

2025 жылдың басы Сарышаяндар үшін қаржы мен инвестиция саласында мол мүмкіндіктер ашады. Сол себепті жаңа іскерлік кәсіпорынды ашу немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуды осы айға жоспарлаған жөн. Марс пен Плутонның бір-біріне қарама-қарсы келуі 3 қаңтарда болады, сондықтан осы айда Сарышаяндар тұлғалық өсуді бастан кешіріп, сынақтарға тап болуы мүмкін. Сарышаяндар бұл кезеңді бойындағы күш-жігері мен стратегиялық ойлау қабылетінің арқасында еңсере алады. Қаржы саласында айқындыққа басымдық беріп, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Ал командалық жұмыс өз нәтижесін беретін болады.

Мергендер

Астролог Виная Байранджидің айтуынша, 2025 жылдың басы Мергендер үшін қиындықтарға толы ай болады. Сондықтан жұлдыз белгісінің өкілдеріне жаңа жобаларды қолға алу мен жұмысты ауыстыру мәселесін кейінге шегерген жөн. Мысалы оны сәуір айында жүзеге асыруға болады. Тауешкілердегі 20 қаңтарға дейін болатын Күн еңбек жолын тәртіпке салып, жоспарлауды талап етеді. Десе де, жаңа жобалар мен мүмкіндіктер кенеттен келетін болады, сондықтан өзгерістерге дайын болғаныңыз абзал. Ал, жаңа идеялар мен бастамашыл болу басшылық тарапынан оң өзгерістерге әкеледі. 14 қаңтардан бастап жұмыс пен жеке өмірді тепе-теңдікте ұстауға тырысыңыз.

Тауешкілер

Pavitra Jyotish басылымының хабарлауынша, қаңтардың екінші жартысында Тауешкілер қаржы тұрғысынан табысқа кенеледі. Сонымен бірге, жұлдыз белгісінің өкіліне шығындарды бақылап, асығыс шешім қабылдауға кеңес берілмейді. Ал, мансап жолында Ретроградты Марстың әсерінен сәл кідіріс орын алуы ықтимал. Тауешкілерге барынша төзімділік мен сабырлық танытуға тура келеді. Жылдың алғашқы айы барынша табысты болуы үшін, күнделікті тұрмысты реттеп, отбасыңыздың негізгі қажеттіліктерін ұмытпаған жөн болады. Сондай-ақ, жұлдыз белгісіне отбасымен бірге жиі уақыт өткізуге кеңес беріледі.

Суқұйғыштар

Қаңтар айында Күн мен Меркурийдің теңелуі Суқұйғыштарға жаңа мүмкіндіктер мен ішкі тыныштыққа, жаңа кездесулерге жол ашады. Қызмет пен табыс саласында тұрақсыздық орын алады, сондықтан ірі сауда жасамаған жөн. Қажетсіз сапарлардан бас тартыңыз. Жаңа білім алуға ұмтылыңыз, себебі қызметте жаңа біліміңіз қажет болады. Сатурнның энергиясын алып, тәртіпке бағыныңыз, сонымен бірге барлық жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыру үшін, күш пен әл-ауқатыңызды жинаңыз.

Балықтар

Балықтарды қаңтар айында қаржылық өсім күтіп тұр, десе де ақшаны орынды жұмсаған абзал. Өзіңізді дамытуға ерекше мән берген жөн. Жұмыста энтузиазм мен сабырлық қажет болады. Сондықтан денсаулыққа баса мән беріңіз, себебі шамадан тыс жүктеме сіздің денсаулығыңызда зиян тигізуі мүмкін. Кәсіби тұрғыда жаңа ай жаңа жолдар мен жаңа іскерлік қатынастар орнатуға қолайлы болмақ. Қаржылық мәселелер мен компания саясатымен абай болыңыз. Саяхатқа шықсаңыз күш жинайсыз, ал іссапарлар тиімді келісімшарттарға алып келеді. Қаңтар — барлық жұлдыз белгілері үшін мүмкіндіктер айы болмақ. Өзіңіздің талантыңызға сүйеніп, тәуекелдерге бел бумаңыз. Жоғарыдағы кеңестерге құлақ түре отырып, өміріңізді өзгертуге асығыңыз.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар