11 жастағы немересі ойнауға тыйым салған әжесін пышақтап өлтірді
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2025
- 735
Өйткені қыз үйінде мұғаліммен қосымша сабақ оқуы керек болған. Ашуға булыққан немесесі байқамай тұрған әжесінің бүйрегіне асхана пышағын сұғып алған, деп жазды KYN.KZ тілшісі Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап.
Оқушы әжесіне пышақ сұққаннан кейін көршілеріне болған жағдайды баяндап береді. Олардың бірі пәтерге кіріп, қансырап жасқан әжейге жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер барлық көмекті көрсеткенімен ол жарты сағат ішінде аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Мәскеу қаласының Тергеу комитеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда Ресейдің қылмыстық заңнамасы бойынша, бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленеді. Сондықтан қыз сот алдында жауапқа тартылмайды.
Ұқсас жаңалықтар
“Тұман, боран”: синоптиктер ауа райы болжамын жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 қаңтар, 2025