Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Уақытылы ұйықтамағанның кесірінен»: жол апатына түскен әнші Кеңес Әлімжан өзін уайымдаған жандарға алғысын білдірді (ВИДЕО)

«Уақытылы ұйықтамағанның кесірінен»: жол апатына түскен әнші Кеңес Әлімжан өзін уайымдаған жандарға алғысын білдірді (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық

Жол апатына ұшыраған белгілі әнші Кеңес Әлімжан өзін уайымдаған жандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады. Желіде оның Таразға бағыт алған кезде жол апатына түскені туралы ақпарат тараған еді.

"Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы аман-есенбіз. Темір өз орнына келер. Уақытылы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар", - деді Кеңес Әлімжан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар