Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әлі сөйлемейді»: Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты

«Әлі сөйлемейді»: Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты
Сурет: видеодан скриншот
“Балаңды емдетпесең, кейін кеш болады” деп ақыл айтатындар бар

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын және оларды қоғамнан шеттету дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Commutator Казахстан арнасына берген сұхбатында әңгімеледі.

“Зидан бес жасқа толса да, әлі сөйлемейді. Кейде менен тамақ сұрағанда “бұрыннан бері осылай неге сөйлемейсің деймін. Сөйтсем, “Қажет болған жоқ” дейді. Бәрін түсінеді. Осы баламмен үздіксіз жұмыс істеп жатырмын. Маған көбісі неше түрлі пікір жазады. “Балаңды емдетпесең, кейін кеш болады” деп ақыл айтатындар бар. Ұлымның диагнозын мойындағанмын. Оның қоғамға енуі үшін үздіксіз қадағалаймын. Коррекциялық орталықтарға барамыз. Аутист бала адам емес пе?! Қаншама ата-ана ерекше балаларды тәрбиелеп отыр. Арасында тірек-қимыл аппараты бұзылған, Даунмен туған балалар да бар. Олардың бәрін қоғамнан шеттете беруге бола ма?! ”, – дейді өнер иесі. 

Әнші бұдан бөлек тұрмысқа шықпаған қыздарға өз кеңесін берді.

“Жасыңа жас қосылған сайын ақылың да көбейеді екен. Жас тұрмысұа шықсаң, болашақ жарыңның тиран, абьюзер сияқты жағымсыз қасиеттерін білмеуің мүмкін. Бірақ орта жасқа келгенде саналы шешім қабылдайсың. Дегенмен өнерде жүрген қыздардың үйде отыруы біраз қиын”, – деді өнер иесі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар