Ақтөбеде 25 жастағы мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсады
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 123

25 жастағы мектеп мұғалімі асылып қалған. Алыс ауылда музыка пәнінен сабақ беретін мұғалім өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 сәуір күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында болды. Жас ұстаздың денесі өз үйінен табылды. Шетырғыз ауылдық округіне қатысты шағын ауылда мұғалімнің асылып қалғаны айтылады. Оқиға таңғы уақытта болған.
«8 сәуір күні Қаратоғай ауылында сағат 07:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінде асылып қайтыс болды. Қаратоғай мектебінің түлегі, 2019 жылдан бастап музыка пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Өте белсенді, білікті мұғалім болды»,- деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Қонысбайұлы.
Марқұм Темірлан Намазбай Ақтөбе педагогикалық колледжін тәмамдаған. Үйленбеген. Анасы ауыл мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ата-анасымен бірге тұрады.
Марқұм Қаратоғай мектебінде алты жылдан бері музыка пәнінен сабақ берген. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция 1999 жылы туған азаматтың өлімін растады. Анықтау, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Семейде вагондардың арасынан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2025