Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аталарыма ренжідім, барлық жерде бөтенбіз": Иранда туған қазақ қызы көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

"Аталарыма ренжідім, барлық жерде бөтенбіз": Иранда туған қазақ қызы көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
коллаж kyn.kz
Қазақ қызы: Ирандықтар алдында түріміз бөлек, Қазақстанға барғанда барлығы орысша. Біз екі жақта да бөтенбіз.

Иран жерінде дүниеге келген қазақ қызы өзінің  ішкі толғанысын Қазақстаннан барған саяхатшыларға ақтарып, көз жасына ерік берді. Ол өзін таза бір ұлттың өкілімін деп сезіне алмайтынын айтып, тамағына өксік жиналды. Сөзінше Иранда түрі өзгеше, Қазақстанда тілі өзгеші. Екі жерде де бөтен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Мені таңғалтатыны әрі қынжылтатыны деп айтайыншы, барлық жерде бөтенмін. қазақстанда екі рет болдым. олар түгел орысша, бізге айтып үйреткен қазақ емес. Мен оларды түсінбедім. Иранда бет-жүзіміз бөлек. Бізді бір қарағаннан парсы емес екенімізді кез-келген байқайды. Менің сұрағым болды. Өзіме, аталарыма. Миллион қазақтың ішінде біреуі ғана Иранда туса керек. Неге сол мен болдым? деген сұрақ мазалайтын. Кейде Иранға жер аударған аталарыма да ренжідім",-дейді бойжеткен.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар