Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде өлтіріп кеткен сантехник қамауға алынды

Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде өлтіріп кеткен сантехник қамауға алынды
Сурет: ашық дереккөздерден
46 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті өз пәтерінен табылды

Атырауда элиталық тұрғын үйде қатыгездікпен өлтірілген NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанованы жер қойнына тапсырып, ас берілді. Тергеу соты күдікті тергеу изоляторына қамады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Марқұмды жақындары NCOC компаниясы қызметкердің қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтып, кінәлілердің жазаланатынына сенетінін жеткізді.

“2002 жылдан бері Оператор ұйымында еңбек етіп келген Бибігүл – өзінің ісіне адал, әріптестерін позитивпен шабыттандыра алатын құнды қызметкер болды. Бибігүл – жоғары кәсіби және талантты басшы. Оның білімі, тәжірибесі мен ісіне адалдығы ешқашан ұмытылмайды. NCOC компаниясы бұл қазаға қайғырып, Бибігүлдің отбасына шын жүректен көңіл айтады. Мемлекеттік органдар бұл сұмдық қылмысты мұқият тергейтініне сенімдіміз. NCOC бұл іске байланысты тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайын”, — деп мәлімдеді компания.

Айта кетсек, қайғылы жағдай бірнеше күн бұрын болған. 46 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті өз пәтерінен табылды. Ол – NCOC компаниясының игеру жоспарын жоспарлау бөлімінің менеджері болған. Тергеу мәліметінше, қылмысқа 37 жастағы сантехник күдікті ретінде танылды. Сантехник марқұмның үйіне техникалық қызмет көрсетуге барған. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар