Павлодарда қыз ұзатуға келген 29 адам астан уланып, ауруханаға жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 маусым, 2025
- 41

Павлодарда мейрамханалардың бірінде тойға барғандар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы мекемелердің бірінде өткен шараға барған бірнеше адам Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жалпы инфекциялық бөліміне түскен, оларда бактериялық ішек инфекциясының клиникалық белгісі болған.
Ауруханаға 29 адам жүгініп, оның 15-і ауруханаға жатқызылған. Ал 14-і амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.
"Бүгінгі таңда ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы интоксикация, іш өту, гипертермиялық синдромға байланысты орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар толық көлемде емделіп жатыр. Амбулаториялық көмекке жіберілгендерге кеңес берілді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.