Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңгер: Интернет алаяқтар алдымен сауатсыздау адамдарды нысанаға алады

Заңгер: Интернет алаяқтар алдымен сауатсыздау адамдарды нысанаға алады
egov.kz
Телефонның арғы жағында отырып, өзгенің мүлкін иемденгісі келетіндер қарқынды дамып, тіпті кей заңгерлерді алдап түсіреді екен.

Бүгінде дәл осы ғаламторда танымал тұлғалардың өзі жастарға адал, ауыр жолдан қашып, жеңіл, оңай келетін табысқа кенелу мүмкін екенін жиі айтады. Тіпті оған дәлел ретінде жылтыр киініп, өздерінің өткен "азапқа толы" жолдарын мысалға келтіріп, қазір соның барлығына күле қарайтын кейіп танытады. Шындап келсе мұның өзі алаяқтық. Бірақ, оларды жауапқа тартып жатқан ешкім жоқ. Ал заңгер  Нұрсұлтан Орынбеков қазақстандықтарды оңай олжадан қашуға шақырды. Оңай байлық, оңай келген құнды зат адамдарды алаяқ болуға итермелеу деп түсіндірді. Сол себепті де қазір телефон арқылы алаяқ хабарласса "Құдайдың жеткізген сыйы" деп алдана кететіндер көп екен. 

Қай әлеуметтік топтар интернет алаяқтарының басты нысанасына айналады?

Көбінесе алданып қалатын зейнеткерлер, үйде отырған жалғыз басты аналар. Табасы табамыз одан сайын табысынан айырылып қалып жатқан жандар. Соларға қарай көбінесе жұмыс жасайды. Олардың қатарына студенттерді де қосуға болады. Жұмыс іздеген адамдарды түрлі алаяқтықтық істерге арбайды. Оларды өздерінің алаяқтық схемаларына қосулары әбден мүмкін. Ал студенттер оны тіпті байқамай да қалуы мүмкін.

Заңгер ретінде ең жиі айтатын кеңесіңіз қандай?

Ең жиі айтатын кеңесім ол – алданатын жол іздегенше, алданбайтын жол ізде. Қазіргі таңда барлығымызда телефон бар. Прокуратура болсын, полиция болсын, жеке тұлғалар болсын барлығы алданбау жолдарын көрсетіп жатыр, үйретіп жатыр. Уақытылы оқып, танысу қажет. Алданбайтындар көп болған сайын, алдайтындар да азая түсетін болады. Сондықтан әрбіріміз жақындарымызға алданбайтын материалдармен бөлісу керек. Мысалы, осы сұхбатты дегендей. Ата-аналар балаларына, ата-әжелеріне сақтық туралы жиі айтып отыруымыз керек.

Киберқауіпсіз қоғам құру үшін әрбір азамат не істеуі керек?

Бір-бірімізге жанашырлықпен қарауымыз керек. Тек полиция қызметкерлері емес, қоғамдық ұйымдар да, әрбір БАҚ қызметкерлері де үнемі алаяқтық факторлары туралы айтып, ескертіп отыру тиіс. Барлық адамдарды сақтандыруымыз керек. Жеке мәліметтерімізді ешкіммен бөліспеуіміз керек. Цифрлық гигиена дегенді түсінуіміз қажет. Карточкаңызды, шоттарыңызды басқа біреудің пайдалануына жол бермеңіз. Танысыңыз болса да, ешкімге карта ашып беруге болмайды.

2018–2022 жылдар аралығында интернет алаяқтық оқиғалары жылына шамамен 20 000–22 000 болды. 2017–2021 жылдар аралығында саны 2 мыңнан 21 мыңға дейін, яғни 10 есеге өскен. Бас прокурордың мәліметінше, 33 кибертоп əшкереленіп, 93 дроппер қылмыстық жауапершілікке тартылған. 100-ден астам арыз иесі ақшасын қайтаруына байланысты жəбірленушілер тізімінен шығарылса, Антифрод орталығы арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бұғатталды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар