Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сізді пара алуға немесе пара беруге мәжбүрлеген кезде не істеу керектігін білесіз бе? (ВИДЕО)

Сізді пара алуға немесе пара беруге мәжбүрлеген кезде не істеу керектігін білесіз бе? (ВИДЕО)
kyn.kz
Пара беруге мәжбүрлеп жатса құқық қоғау органына дәйегіңізбен хабарласып, мәселені заңды жолмен шешуіңізге болады.

Пара беру – бұл коррупциялық құқықбұзушылық, яғни біреудің белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мемлекеттік қызметкерге ақша немесе басқа материалдық құнды зат беру.

Пара беруші де оны алушы да әкімшілік құқық бұзушылықтан бастап, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады.
Қазақстан Республикасының Электронды үкімет порталында хабарланғандай, коррупциямен бетпе-бет келген қазақстандықтар шағым бере алады және марапат ала алады.

Дереккөзде хабарланғандай, коррупция туралы хабарлаған және құқықбұзушылыққа қарсы әрекет ететін тұлға мемлекет тарапынан қорғалады (Заңның 24-бабының 3-тармағы "Коррупциямен күресу туралы"). Сонымен қатар, ол адам  туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Қазақстандықтар осындай құқықбұзушылықтар туралы бірнешеорынға хабар бере алады.

- Қазақстан Республикасының Электронды үкімет порталы арқылы өтініш жіберу – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) болуы қажет;
- Коррупцияға қарсы агенттік төрағасының блогына жазу – "Ашық диалог" сайты немесе ведомствоның ресми парақшасы арқылы жасауға болады;

Бұл ретте коррупция туралы хабарлама үшін сыйақы беріледі.

Коррупциямен күресуге көмек көрсеткені үшін марапат
"Коррупциялық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе коррупциямен күресуге көмектескен тұлғаларды ынталандыру ережелерінде" біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері құқықбұзушылықтың түріне байланысты.

Мысалы, :

- Коррупциялық құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік істер – 30 АЕК (МРП)
- Аз ауырлықтағы коррупциялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер – 40 АЕК (МРП)
- Орташа ауырлықтағы коррупциялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер – 50 АЕК (МРП)
- Ауыр коррупциялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер – 70 АЕК(МРП)
- Өте ауыр коррупциялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер – 100 АЕК (МРП)

1 000 МРП  асатын пара талап ету (немесе зиян келтіру) туралы хабарлама үшін сыйақы осы соманың 10% құрайды, бірақ 4 000 АЕК (МРП)  

Сонымен қатар, коррупция туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілікті де ескеру маңызды.

Оның үшін 20 АЕК (МРП) көлемінде ескерту немесе айыппұл қаупі бар, әкімшілік кодексінің 439-бабына сәйкес. Жыл ішінде қайталанған құқықбұзушылық 40 АЕК (МРП)  көлемінде жазаға әкеледі.

Қазақстандықтарға парамен бетпе-бет кездескен жағдай болды ма деген сұрақ қойдық:

1. Параны мәжбүрлі түрде берген кезім болды. Оның қайда, қандай жағдайда бергенімді айтпай-ақ қояйын.

2. Пара деп айтуға келеді ма білмеймін. Дәрігер маған ота жасады, сол кезде сый ретінде бергенім бар. Былайынша мені ешкім параға мәжбүрлеген емес.

3. Ақша сұрайтыны рас. Бәрі ақшамен шешіледі.

4. Меннен ешкім ақша сұрап көрген емес. Өмірімде пара беріп көрмеппін.

5. Мен ешқашан ақша берген емеспін. Менің ойымша, біздің адамдар өздері ұсынады. Ешкім оны сұрап отырмайды ғой. Сондықтан өмірімде пара беріп көрмеппін.

6. Мен өмірімде пара берген емеспін. Ондай дүние өмірімде болмапты. Болмай-ақ та қойсын.

Алматылықтардың көпшілігі, параны әр азамат өзі ұсынбаса ешкім біреуді міндеттеп, мәжбүрлей алмайды дегенді айтты. Пара ұсынудың өзі қылмыс екенін біле жүріңіз. Әділетті қоғамды құруға әр адамның қатысы бар. Жемқорлықсыз өзмірді, жемқорлықсыз қоғамды құру әр адамның парызы. Өйткені бұл жүйе болашақ ұрпаққа аманат болаын ұмытпаған абзал.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар