Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жабылып, аяусыз тепкілеген»: Ақтөбе облысында 14 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары ұрып өлтірген

«Жабылып, аяусыз тепкілеген»: Ақтөбе облысында 14 жастағы баланы жоғары сынып оқушылары ұрып өлтірген
Сурет: regionsamara.ru
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны ұрып өлтірген жоғары сыныптағылар сотталды.

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушыны ұрып өлтіргендерге қатысты үкім шықты. Сотталушылар қанды оқиға болған кезде мектептің жоғары сыныбында оқыған. Айыпталған алтаудың үшеуі жазасын түрмеде өтейтін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға осыдан тура бір жыл бір ай бұрын Темір ауданына қарасты Қопа ауылында болған. Былтыр жаңа оқу жылы басталған күннің ертесіне Нұржан Сыдықовты жоғары сыныптың оқушылары ескі моншаның жанына кешке шақырып алады. Сол жерде жабылып ұрып, аяусыз тепкілеген. Тіпті есін жимаған жасөспірімді далаға тастап кеткен. Кейін бұл ауылдағы мектепте әлімжеттік бұрыннан бар екені белгілі болды. Жоғары сыныпта оқитындар кішілеріне күш көрсетіп, дегенін істетеді екен. Білім ошағының басшысы қанды оқиғадан соң жұмысынан қуылды.

Тергеуге алынған алты оқушы абайсызда адам өлтіргені үшін, бұзақылық және қылмысты ұйымдастыру баптары бойынша айыпталды. Үкімді тыңдауға келген қос тараптың да туыстары сот залында көп болды. Үш оқушы сот залында бір жылдық шартты жазамен босатылды. Қалған үшеуіне судья 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушылардың барлығы биыл тергеуде жатып орта білімін алыпты. Тек біреуі ғана әлі бір жыл мектепте оқуға тиіс.

«ҚР ҚК 28-бабы, 3 бөлігі; 106-бап, 3-бөлігінде, 293-баптың 2-бөлігінде, 3-4 тармақтарында көзделген қылмыстық құқықбұзу жасаған деп үшеуі де кінәлі деп танылсын. Оған ҚР ҚК 28-бабы, 3-бөлігі, 160-баптың 3-бөлігі бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар жөніндегі сот судьясы Жанат Бекенова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар