Бестеректегі қайғыды жағдай: бір айдан астам комада жатқан бүлдіршін көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:01
- 67

Абай облысының Бестерек ауылында тамыз айында болған жол апатынан кейін комаға түскен қыз көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүлдіршін бір айдан астам уақыт кома жағдайында болған.
Президенттің тапсырмасымен жараланғандарға медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына әскери ұшақ жіберілген.
Кейін жағдайы тұрақталған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілді. Қыркүйектің басында дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін және ауруханадан шығаруға дайындалып жатқанын хабарлаған.
Ал ең ауыр жараланған қыз бала алдымен Үржар аудандық ауруханасына, кейін санитарлық тікұшақпен Семей қаласына жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған еді. Toyota көлігінің жүргізушісі үй маңында ойнап жүрген балаларды қағып кетіп, салдарынан екі бала көз жұмды. Тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Тағы үш бала түрлі жарақат алған болатын.