Қоғам
Алматыда студент дәретханада оқытушысына пышақпен шабуыл жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025
- 353
Студент оқытушысын жаралады.
Алматыда ALT University студентінің оқытушыға шабуыл жасады. Оған байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео да жарияланды. Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге нақтыланған жоқ. Шабуыл оқытушы студентті жазғы семестрге қалдырғаннан болды деген болжам бар. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермейтінін нақтылады.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, студент ұсталды.
«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




