«Маған бұл бала керек емес»: Алматыда суррогат ана баладан бас тартқан ата-анадан ақшасын талап етті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:28
- 50
Алматылық Кристина Гаврилюк суррогат ана болғаны үшін ерлі-зайыпты оған 7 жарым миллион теңге уәде еткен. Алайда кейін баладан бас тартқан. Сәбиді балалар үйіне өткізген суррогат ана өзіне тиесілі ақшаны ала алмай әлек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Полицияға жүгінген Кристина Гаврилюктің айтуынша, баланың биологиялық ата-анасы – шетелдіктер. Қазір олар байланысқа шықпай отыр. Қытайлық ерлі-зайыптының тапсырысымен Кристина Алматыда эмбрион салынған. Ерлі-зайыпты жүктілік кезінде суррогат анаға тұрақты түрде ақша беріп отырған. Тіпті ай сайын шамамен 200 мың теңге еңбекақы төлеген.
Алайда асқынулар болып Кристина 7 айында, мерзімінен бұрын босанып қойды. Алайда шетелдіктер шала туған баланы қабылдаудан бас тартты.
“Кесарь тілігінен кейін баланы дереу алып кетті. Содан төрт сағаттай өткен соң медбике маған келіп, баланы беріп жібергенін айтты. “Барлығы дұрыс па, тірі ме” деген сұрағына “бәрі қалыпты” деп жауап берген. Биологиялық ата-ана алдымен баланың денсаулығын тексеру үшін анализ алуын талап еткен. Анализ нәтижелері қалыпты болды. Бала салмақ жинай бастады. Кейін олар ДНҚ-тест тапсыруды сұрады. ДНҚ-тест өздерінің баласы екенін растады. Осыдан кейін мен куратормен байланыста болдым. Бірақ кейін биологиялық ана жауап беруді тоқтатып, баланы алып кетуді сұрады”, – дейді Кристина Гаврилюк.
Келіншек дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өзінің алты жасар қызы бар. Әйел екі рет суррогат ана болған. Екі келісім де сәтті өткен. Ал үшіншісінде сыйақысын ала алмай отыр. Кристина басқа біреудің баласын тәрбиелеуге және ол үшін жауапкершілк алмайтынын ашық айтты. Сондықтан бала туғаннан кейін бірден одан бас тартқан.
“Балаға ештеңе сезбеймін, тек аяймын. Дәрігер оның тастанды бала болатынын айтты. Кейін олар баладан “бас тартты” деп жазған екен. Сол сәтте мен тек өзімді ойладым. Алдап кетті. Маған бұл бала керек емес, менің балам емес қой”, – дейді Кристина.
Биологиялық ата-ана туралы деректер аз. Отбасылық жұп – Қытай азаматтары. Қазір олардың қайда екені белгісіз. Процедура жүргізілген клиникада пікір беруден бас тартты. Суррогат ана полицияға арыз жазды.
“Бұл факті бойынша деректерді зерттеу нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды, өйткені қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ. Қылмыстық-процестік кодексінің 79-бабы бойынша осындай оқиғаларды тек сот арқылы шешу қажет. Сондықтан азаматтық талап арызын сотқа беру ұсынылды”, – деді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Суррогат ана болу Қазақстанда ресми түрде рұқсат етілген. Баланы көтерген ананың құқықтары мен міндеттері “Некеге және отбасыға қатысты” Заңымен реттеледі. Заң әйелге медициналық көмек, денсаулығын қорғау және сыйақы алуды кепілдейді. Құқық қорғаушылар алданған ананың сотқа жүгіне беруін ұсынады. Баланың биологиялық ата-аналары шетелдік болғандықтан, суррогат ана Қытай елшілігіне және Сыртқы істер министрлігіне жүгінуі керек.
“Биологиялық ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғауға болады, өйткені олар өз баласының ата-аналық міндеттерін орындамаған, яғни баланы тастап, Қазақстаннан кеткен. Яғни, олар баланың өмірі мен денсаулығын қатерге тікті”, – дейді заңгер Ғабит Умирбеков.
Қазір жаңа туған бала балалар үйінде тұр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ұл бала өсіп, салмақ қосып жатыр. Сәбидің өміріне қатысты шешімді және жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алады.




