Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда доллар бағасы 465 теңгеге төмендеді

Қазақстанда доллар бағасы 465 теңгеге төмендеді
Сурет: freepik.com
Елімізде доллар тағы арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сағат 11:20-дағы жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 471 теңгеден сатылып, 464 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 467 теңгеде болса, сатып алу орта есеппен 464 теңгеден.

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,46 теңге болып, 1,96 теңгеге төмендеді.

Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы 470,46 теңгеге тең.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар