Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: Ақбаян Мұқағалиеваның адам өлтіру дерегіне қатысы жоқ деп танылды

Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: Ақбаян Мұқағалиеваның адам өлтіру дерегіне қатысы жоқ деп танылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Қазір Ақбаян Мұқанғалиева Атырауда, облыстық психикалық орталықта жатыр.

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Құқық қорғау органдары Ақбаян Мұқағалиеваның өз туыстарының қазасына қатысы жоқтығын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Казинформ сайтына сілтеме жасап.

Ақбаян Мұқағалиева осы іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі, марқұмдардың қызы мен бауыры. Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиеваның тарапынан адам өлтіру бойынша құқықбұзушылық анықталмаған.

«Өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, қылмысты хабарламау дерегі бойынша бөлек іс тіркелді. Ол бойынша құқықтық баға берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиеваның күдікті ретінде ісі сараланбады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, деді Жандар Болатбек.

Прокурордың айтуынша, Алматыда оның психикалық жағдайына байланысты сараптама жүргізілді. Дегенмен қорытынды әлі прокурорларға жетпеген.

«Сараптама қорытындысы дайын болды деген ақпар бар. Бірақ біз алған жоқпыз. Қорытынды бізге келеді, зерделенеді. Тағы да қосымша сараптама қажеттілігі туындаса қосымша сараптама тағайындалады», - деп толықтырды облыс прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек.

Яғни, оның іс-әрекетіне психикалық жай-күйі толықтай белгілі болғаннан кейін баға берілмек.

Қазір Ақбаян Мұқанғалиева Атырауда, облыстық психикалық орталықта жатыр.

Төрт адамның өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сот процесі 18 мамыр күні сағат 11:00-ге жоспарланып отыр. Іс ашық форматта қаралады.

Еске салайық, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес, яғни екі және одан да көп адамның өлімі, мал сату, карталарды жымқыру сынды деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 және 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Өткен аптада Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар